Ондаған Қытай соғыс ұшағы Тайвань әуе кеңістігіне кірді

/image/2021/03/29/crop-14_11_331x621_42ed2eda8f782a929eda0db7e2c2424c.jpg

Тайвань қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытайдың кем дегенде 20 әскери ұшағы Тайваньның әуе кеңістігіне баса көктеп кірген.

"Бұл Қытайдың әскери-әуе күштерінің ең үлкен шабуылы" деп хабарлады Reuters.

Тайванның қорғаныс жоспарынан хабардар бір шенеунік Reuters агенттігіне "қытайлық әскери күштер жүзіп бара жатқан АҚШ әскери кемелеріне қарсы соғыс операциясын имитациялап жаттығып жатқанын" мәлімдеген.

Бейжің бұл жаттығулар "Қытай территориясын қорғауды білдіреді" дейді. Тайвань мәртебесі Вашингтон мен Бейжің арасындағы ең нәзік саяси мәселелердің бірі.

Әскери жаттығуларға ядролық соққы жасау қабілеті бар төрт H-6K бомбалаушы ұшағы, 10 J-16 жойғыш ұшағы және тағы алты әскери ұшақ қатысқан.

Тайвань Қытай ұшақтары әуе кеңістігін бұзып жатқанын ескертті және ұшақтар бағытын өзгертпегеннен кейін "белсенділікті бақылау" үшін әуе қорғаныс зымыран кешендерін орналастырғанын хабарлады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи