Көрші елдің тілін өз тілімізге қарағанда қатты құрметтейміз

/uploads/thumbnail/20170708193802251_small.jpg

Өзбекстанмен шекаралас тұратын қазақтың барлығы өзбекше сөйлей алады. Қырғызстанға да жақын ауылдарымыздың барлыға көршімізді сөзден сүріндіруге қауқарлы. Ресеймен көрші қазақтарды айтпай-ақ қойса да түсінікті шығар. Қызық, неге ғана  біздің шекараға жақын өзбектер қазақ тілінде еркін сөйлемейді? Қырғыздар да біздің тілді меңгеруге  құлықты бола қоймапты. Біз неге өңгенің тілінде сөйлеп кетуге шеберміз осы? Дүниедегі өзін-өзі сыйламайтын ұлт біз емеспіз бе ? Қырғызстанға жақын орналасқан қазақтарды көріп осындай ой түйдім. Ал біз болсақ, орыс тілі болмаса, қазақ тілі туған жерінде еркін тыныстар еді деп ойлаймыз. Демек, орыс тілі болмаса, ресми тіліміз өзбек немесе қырғыз тілі болып кетуі ғажап емес-ау. Шекарадағы қазақтар, көрші ақысы-тәңір ақысы ғой. Бірақ туған тіліңіздің ақысынан  ұтылып қалмаңыздар!

Айнұр Төлеу

Оставить комментарий

Связанные Статьи