Атамбаев Назарбаевтың алдында қанша иілсе де, өз ұпайын жіберген емес

/uploads/thumbnail/20170708193806458_small.png

Ақордада өткен түркітілдес мемлекеттер басшылары кеңесінің V-отырысында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ыстықкөлдің жағасында демалып қайтуға шақырды. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жақында Ақордада түркітілдес мемлекеттер басшылары кеңесінің V-отырысы өткен болатын. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев және Әзірбайжан республикасы президенті Ильхам Әлиев, Түркия және Түркіменстан өкілдері қатысқан.

Бұл жолы да, әдеттегідей Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың баяндамасы өзге әріптестерінен гөрі әсерлі әрі әзілді шыққаны да жасырын емес.

Қырғыз басшысы келесі саммиттің өткізілетін уақытын сөз ете отырып, Қазақстан Президентінен Шолпан атада өтетін кеңестің нақты мерзімін белгілеуді өтінді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мен Әзірбайжан Президентін Ыстықкөл жағасында демалып қайтуға шақырды. Қырғыз Президентінің «Менің жоспарлауым бойынша, тамыздың аяғында өткізсек жақсы болар еді. Ыстықкөл жағасында демалып қайтуға, суға да шомылып алуға болатын еді», деген сөзі биылғы саммитте айтылған «хит» сөздердің бірі болды. Еш қымсынбастан әзілін әрі қарай жалғаған Алмазбек Атамбаев мырза, Нұрсұлтан Назарбаевқа көл жағасынан арнайы резиденция тіктіретінін де айтқан.

 

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: Нұрсұлтан Әбішұлы, біз келесі кеңесті Шолпан-ата қаласында өткізсек деп ұсыныс жасап отырмыз. Өзіңіз бір күнді таңдасаңыз, 15-тамыздан 25-қыркүйекке дейінгі бір күнді қазір айтсаңыз. Біз сол күні өткіземіз. Сіз ақсақалсыз ғой.(қырғыз тілінде жадыраңқы сөйледі.)

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті: Онда кеңестің өтетін орнын келісейік.(орыс тілінде сөйлеп, өзге де кеңес мүшелеріне қарады)

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: Иә, нақты уақытын белгілейік. Нұрсұлтан Әбішұлы белгілесе, дұрыс болады. Ол кісі ол жерлерді жақсы біледі.(бұл жолы орыс тілінде сөйледі)

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті: Әуежайларды дайындап қояды...

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: Оның үсітіне суға шомылып, демалып қайтар едіңіздер. Дәл мезгілі болады. (Бәрі күлді)

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті: Мен қарсы емеспін. Тіпті жақсы емес пе?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті: Біз бұл мәселені шешеміз. Сыртқы істер министрлері келіссін. Тақырып солай қалатын болды ғой, «спорт»?..

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: Біз ұлттық спорт түрлерінен шаралар ұйымдастырып, қызықты етіп өткізетін боламыз.

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті: Өзіміз де сол жарыстарға қатысамыз, иә?! Оның үстіне жақсы демалып қайтамыз ғой.

(Президент мырзалардың әңгімесі ықшамдалып алынды)

Түйін1: Бұл жолғы кеңестің соңындағы әңгімелерден не түйдік? Алмазбек Атамбаев өз елінің өсіп-өркендеуі үшін неден болса да тайынбайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Ол осындай келелі жиында өзінің басын иді, одан арланбады. Өзін құдды Нұрсұлтан Әбішұлының бір «министрі» секілді көрсетті. Атамбаев Назарбаевтың алдында қанша иілсе де, өз пайдасынан жеңілген емес. Керісінше алдап-сулап, арқадан қағып жүріп қыруар қаржы, инвестиция тартудың хас шеберіне айналды.

Ал бұл жиындағы Қазақстан президентінің орны әуелден белгілі. Ол бүкіл түркі жұртының ақсақалы. Бәрінің ақылшысы. Қазақстанды Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің қатарына қосқан басшы. Оған ешкім шек келтіре алмайды. Алайда, Қырғызстан Президентінің аға деп иіліп, өзінің қырғыз тілінде сөйлеп, емеурін танытқанына қарамастан Ресейдің мемлекеттік тілінде жауап қатты. Иә, ол кісі қырғызша сөйлесін деп тұрғанымыз жоқ. Тек тілі мен діні, мәдениеті ортақ қырғыз бауырына қазақтың қоңыр тілімен жауап қатпағаны әттеген-ай, дегізгені жасырын емес.

Бұл екеуінің орысша шүйіркелескенін сырттай бақылап отырған Әзірбайжан Президенті миығынан күліп, бас изегеннен басқа еш нәрсе көрсетпеді.

Түйін2: Бұл Қазақстан мен Қырғызстан және өзге де пост-кеңестік мемлекеттер басшыларының құлдық қамыттан арылмағанының көрінісі емес пе?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

http://tengrinews.kz/tv/novosti/politika/4958/

Оставить комментарий

Связанные Статьи