Сәуір айының басында адамзат алғаш рет Марс бетінде шағын тікұшақ ұшырмақ.
"Марсқа арналған "Ingenuity" деп аталатын тікұшақ алғашқы ұшуды 8 сәуірден бастамақ" деп жариялады NASA.
Марсқа қонған "Perseverance" роверінің эксперименталды серігі миссиядағы үлкен тарихи оқиғаны орындайтыны хабарланды.
Адамзат тарихындағы Жердегі алғашқы ұшу АҚШ Солтүстік Каролина штаты, Китти Хок маңында өтті. 1903 жылы желтоқсанда ағайынды Орвилл мен Уилбур Райт аспанда 12 секунд ұшқан. Енді Марс бетіндегі алғашқы ұшу сәті де таяп келеді.
Оставить комментарий