Иорданияның бұрынғы мұрагер ханзадасы үй қамаққа алынды

/image/2021/04/05/crop-13_6_240x385_prince_hamzah_bin_husein-e1617472871357-400x250.jpeg
Иордания мемлекетінің королі Абдалла II-нің туысқан ағасы Хамза бин Хусейн төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарлар шыққан соң үй қамаққа алынды деп хабарлады The Independent басылымы.
 
Иордания билігі елдің "қауіпсіздігі мен тұрақтылығына" қауіп төндіреді деп айыптаған бірнеше адамды ұстады, бұрынғы мұрагер ханзада Хамза бин Хусейн ұсталғандардың қатарында.
 
Петра мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тұтқындалғандардың арасында корольға жақын бұрынғы жоғары лауазымды адамдар да болған.
 
Ақпаратқа сәйкес, Хамза бин Хусейн 2004 жылы мұрагерліктен бас тартқан. 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи