Бұрын жеке куәлікті алу үшін бір ай күту қажет болған. Енді Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік 15 күннің ішінде беретін болды. Бұл туралы «Қамшы» Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Хабарламада "Азаматтардың назарына, Ішкі істер министрілігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне қырқарту бойынша "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті беру" пилоттық жобасын өткізу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған.
Ал егер сізге құжатты жылдам рәсімдеу қажет болса, өтініш рәсімдеген төрт күн үшінде жаңа құжат алатын боласыз.
Оставить комментарий