Күн күрт құбылып, ауа салқындайтын болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Синоптиктер 2015 жылдың 5-17 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жария етіпті.
"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Ресейдің Еуропалық аумағы аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3 градусқа дейін төмендеп,үсік өтуі мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, онымен кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.
Ал, YK-news.kz өңірлік басылымының мәліметінше, 14 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығының аймағында қар түсіпті. Синоптиктер осы облыстың өзге аймақтарында да қар жаууы мүмкін дегенді айтып отыр.
«Қамшы» сілтейді
Оставить комментарий