Жыл басынан бері елден 15 мыңнан астам адам көшіп кетіпті

/uploads/thumbnail/20170708193848984_small.jpg

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы жайындағы статистиканы жариялады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Көші-қон полициясы органдарының келіп-кету статистикалық есебін өңдеу кезінде  2015 жылдың  қаңтар-шілде  айларында елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2 пайызға артып, 9 689 адамды құрапты. Есесіне, Отанымыздан  кеткендердің саны 7,4 пайызға артып, 15 615 адамды құраған.

 Көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен рәсімделіп  жатқан көрінеді. Мамандар "ТМД елдерінен келгендердің , сол елдерге кеткендердің үлесі,  86,4 пайыз және 90,1 пайызды құрайды.» деп көрсетілген статистика мәліметінде. Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамды құрайды екен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи