Дүниежүзілік банк Астанаға 21,7 млн доллар грант берді

/uploads/thumbnail/20170708193849584_small.jpeg

Қазақстан инвестиция және даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасының басталғанын хабарлады. Жоба бойынша банк Қазақстанға 21,7 миллион доллар грант берген. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр.кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаржы мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энерготиімділігін арттыруға, институциялық базаны, оның ішінде энерго үнемдеу мен энерготиімділікті арттыру саласындағы жобаларға жұмсалуы тиіс.

Жоба мақсаты – мемлекеттік және әлеуметтік ғимараттарда оның ішінде мектеп, балабақша, аурухана мен көшедегі жарық беруде энергияны тиімді пайдалануды қалыптастыру.

Жоба 2016 жылы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында салынып жатқан 19 әлеуметтік нысанда (8 мектеп, 11 балабақша) жүзеге асады. Бұл әлеуметтік нысандарды салу кезінде жылу және жарық беру жүйелері ауыстырылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи