Ресей қорғаныс министрлігі 3 мың жыл бұрынғы скиф жауынгерлерін клондамақ – Шетелдік БАҚ

/image/2021/05/12/crop-12_10_308x615_52c8869390cb62caa6cbe40a776c87e7.webp

"Ресейдің қорғаныс министрі ежелгі жауынгерлер тобын клондауды ұсынды" деп хабарлады Yahoo.news.com басылымы.

Орыс географиялық қоғамының онлайн-сессиясында Ресей президенті Владимир Путиннің жақын серігі, қорғаныс министрі Сергей Шойгу 3000 жылдық скиф жауынгерлерінің ДНҚ-сын оларды тірілту үшін қолдануды ұсынды.

"Ақпараттар бойынша, бастапқыда қазіргі Ираннан шыққан скиф халқы б.з.д 9 және 2 ғасырлар аралығында Еуразияны айналып өтіп, бірнеше ғасырлар бойы қуатты империя құрды. Кейін бәсекелестерінің күшімен жойылды" деп жазған басылым 20 жыл бұрын археологтар Сібірдің Тува аймағындағы қорғаннан ежелгі сарбаздардың жақсы сақталған қалдықтарын тапқанын айтады.

Мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Сібірдегі ауарайына байланысты оның көп бөлігі мұз құрсанып жатқандықтан, топырақ немесе биологиялық қалдықтар жақсы сақталған.

"Әрине, біз органикалық заттарды тапқымыз келеді және мен мұның артынан не болатынын түсінесіз деп ойлаймын. Одан бір нәрсе жасауға болар еді. Жалпы бұл өте қызықты болады" деді Шойгу орыс географиялық қоғамында.

Шойгу адамды клондаудың қандай да бір түрін жасауды ұсынды.

Осы уақытқа дейін ғалымдар адамды клондамаған. Бірақ ғалымдар жасушалардың жекелеген түрлерін терапевтік клондауды және басқа да гендік-редакторлық жұмыстарды сәтті жүргізді.

Клондау – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу тәсілі.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи