Денсаулық сақтау министрлігі елді бір тәулікте 2089 адамнан коронавирус, 20 адамнан пневмония анықталып, 19 адам коронавирустан, 6 адам пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 888 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 820 адамның жағдайы ауыр, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр, 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Пандемия басталғалы Қазақстанда ресми түрде 360 193 коронавирус жағдайы тіркелген. 317 741 адам жазылып шықса, 4073 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай, 54152 пневмония жағдайы анықталған. Олардың ішінде 52783 науқас жазылса, 860 адам қайтыс болған.
2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина салдырған.
Оставить комментарий