Қазақстанның жеті өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Оставить комментарий