Ryanair әуекомпаниясының ұшағы Беларусь астанасы Минскке қондырылғаннан кейін сүйіктісі, Беларусь оппозиционері Роман Протасевичпен бірге қамауға алынған София Сапеганың анасы Анна Дудич ВВС-ге қызының жағдайына алаңдайтынын айтып, осы жайттың бәрін өздері мен қызы өткеріп жатқанына сене алмайтын жағдайда екенін жеткізген.
Ол соңғы рет қызынан "мама" де жазылған мәтін түріндегі хабарлама алған.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Беларусь билігінің әрекетін "шектен шыққан" деп айыптап, бұл "саяси келіспеушілікке де, баспасөз бостандығына да ұят шабуыл" деп мәлімдеген.
Александр Лукашенко "ұшақтағы бомба" туралы ақпарат ХАМАС тобы (Газа Секторын бақылап отырған кей мемлекеттер лаңкестік топ деп таныған ұйым) тарапынан Швейцариядан түскенін айтады. ХАМАС тобы мұны терістесе, Швейцария мұндай ақпараттың тарағанын анықтай алмағанын мәлім етті.
Протасевич кім?
Протасевич Nexta медиа-компаниясының, Telegram каналының бұрынғы редакторы. Ол 2019 жылы Беларусьтен кетіп, 2020 жылғы президент сайлауы барысын ақпараттандырып отырған. Nexta Беларусьтегі президент сайлауы кезінде оппоцицияның дауыс беруінде шешуші рөл атқарды. Оппозиция Лукашенко дауыс ұрлады деп санайды. Үкімет жаңалықтарды таратпай қойғаннын кейін бұл пікірдегі адамдар көбей түсті. Осыдан кейін оған терроризм мен тәртіпсіздікті қоздыру бойынша айып тағылған.
Батыс лидерлері оппозиция басшысы кандидат Светлана Тихановскаяны қолдаған. Сайлаудан кейін Лукашенконың жеңісіне наразы ондаған мың адам бірнеше ай бойғы алаңға шыққан. Наразылық акциясына шыққандарды жергілікті полиция ұрып-соққан, азаптаған әрекеттер көптеп болып, ондай жағдайларды Nexta ұдайы жариялап отырған. Биылдың өзінде полиция талапынан жасалған аяусыз әрекеттердің көптеген жағдайлары тіркеліп, 2700-ден астам соттау істері болған.
Александы Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Ол президент ретінде 6 мәрте қайта сайланған. Оның саясатта "Еуропаның соңғы диктаторы" деген аты бар.
Оставить комментарий