Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жоғары оқу орындарында грант саны және стипендияның өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
– 2025 жылға дейін грант санын көбейту жоспарда бар және ол 75 мың орынды қамтиды. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бюджеттен де қажетті қаражат бөлінді. Осы қыркүйек айында грант саны 5 мыңға ұлғаяды. Жыл сайын жоғары оқу орындарына 51 мың грант бөлінетін, енді биыл 56 мың болады, – деді министр.
Аймағамбетовтың айтуынша, қыркүйектен бастап бакалаврда оқитын студенттердің стипендиясы – 31 мың теңгеден сәл асады, ал магистранттар шәкіртақысы 15 пайызға өсіп, шамамен 76 мың теңгегі құрайтын болады. Докторанттардың стипендиясы – 82 пайызға өседі. Яғни қыркүйектен бастап олар 172 мың теңге алады. 2025 жылға дейін стипендия жыл сайын арта береді.
Оставить комментарий