Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне қол салған түркістандық оқушының оқиғасына қатысты пікір білдірді.
– Қазір аталған іс бойынша ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Білім минстрлігі тарапынан оқу және тәрбие ісі бойынша тексеріс басталды. Нәтижесі міндетті түрде айтылады, – деп жауап берді Аймағамбетов.
9 маусым күні Түркістан облысында 9-сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұм өзіне қол жұмсар алдында "Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым" деп хат жазып кеткен.
Оставить комментарий