Елбасы министр Мыңбаевтың алғысқа толы сөзін бөліп тастады

/uploads/thumbnail/20170708194356088_small.jpg

Мемлекет басшысы  Атырау облысына жасаған  сапары барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың алғысқа толы баяндамасын үзіп жіберіп, тақырыпты мұнай және газ саласындағы өзекті мәселелер мен өңірдегі жүзеге асырылып жатқан жобаларға бұрды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өз баяндамасында мұнай және газ министрі, ҚМГ АҚ басқарма төрғасы қазіргі баға курсы ұлттық компаниялардың  қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай әсер еткенін айта келе, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына  транш түріндегі көмек ретінде бөлінген 2,7 миллиард доллар үшін алғыс айтқан болатын.

«Сенің барлық баяндамаң алғыс айтумен шектелетін болды. Біресе билікке, біресе ... Одан да қазіргі жағдайды айт. Инвесторлармен қалай жұмыс жасап жатырсыңдар? Шевронның даму мәселелері не болып жатыр? Қашағанмен не болды?»,-деп Мемлекет басшысы нәумиез министрдің мысын басып тастады.

«Мен тек әлеуметтік маңыздылары жөнінде айтқым келген… “Теңіз Шевройл” туралы айтар болсам, болашақ дамыту жобалары 38 млрд  долларға шықты. Содан соң, қазіргі жағдайда барлық мердігерлермен бюджетті қысқарту туралы келіссөз жүргізу туралы шешім қабылданды. Жұмыс келесі жылдың мамырынан басталады деп күтілуде. ТШО акционерлері жоба іске асады деп сендірді», – деді Мыңбаев мырза.

Осыдан кейін Елбасы министр Мыңбаевқа нақты тапсырмаларды тізіп берді.

«Міне, «ҚазМұнайГаз», билік және министрлік  ТШО-мен бірлесіп осы жұмыстарды атқару керек және өте жақын арада қолға алынсын!», – деп атап өтті Елбасы.

Ал, Сауат мырза Мемлекет басшысына ҚМГ жұмысын таныстыра отырып, Қашағандағы апатты жағдайдағы құбыр желілерін дәнекерлеу жұмыстары толық жүргізіліп жатқанын және дәнекерлеу жұмыстары 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталатынын, ал коммерциялық табыс келесі жылдың аяғынан бастап түсе бастайтынын айтты.

Сонымен қатар, елбасы Солтүстік - Каспий жобасы бойынша акционерлердің шағымын айтты.

«Мен Eni басшылығымен сөйлестім. Олар бізде келісімнің жоқтығын айтты. Барлығын біріктіретін орган жоқ екен. Мұны не билік, немесе «Қашаған» акционерлерінің бірі ретінде ҚМГ атқару керек. Владимир Сергеевич (энергетика министрі Владимир Школиник ), мұнымен айналысатын сен емес пе?» , – деді президент.

Владимир Школьник компаниялар мен органдардың бір мақсат үшін жұмыс істейтініне сендірді.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи