Ресей Федерациясы үкіметі Украина мемлекетінен көгілдір отынға жұмсалған қарызын қайтаруды талап еткен. Бұл туралы кеше РФ үкіметінің ресми сайтында ақпарат тарады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Украинаға келер болсақ, Ресейдің позициясы бұрынғыдай болып қала береді. Украина 2013 жылдан бергі жиналып қалған қарызын толық және уақытында қайтаруы тиіс.»,-делінген ресми хатта.
Сондай-ақ,хатта дебиторларға Ресейге қарызды дәл қазіргі уақытта қайтару тиімдірек болар еді. Өйткені дәл осы міндеттемелерге қатысты дефолт Украина үшін өте қымбатқа түспек. Әйтпегенде тек кешіктірілген сомадан өзге пайыздық айыппұлды қоса төлеуге тура келеді, деп ескертілген.
Ескерте кетерлік жәйт, Ресей үкіметінің мұндай мәлімдеме жасауына Украина премьер-министрі Арсения Яценюканың қарыздың бір бөлігін кесіп тастауды талап еткен хаты себеп болған.