Шетелден шенеунік жалдау – Тәуелсіздікті тәрк етудің креативті тәлісі

/uploads/thumbnail/20170708194408607_small.jpg

Енді  қазақстандық шенеуніктерге  «майлы креслолары үшін» шетелдік әріптестерімен таласатын күн алыс емес сияқты.  Кше ҚР парламентінің төменгі палатасының кезекті отырысында «мемлекеттік қызмет пен үкіметке шетелдік мамандарды тарту» туралы заң жобасы бір ауыздан мақұлданған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Астана» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызметтер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мырза мәжілісте мәлімдеген.  Қожамжаровтың айтуынша, соңғы шешімді ұлттық комиссия қабылдайтын болады.

«Мистер министр» немесе «мэр-әкім». Келемеждегеніміз емес, бірақ өте жақын арада бұл қазақстандық саясаттағы реалды атауға айналуы бек мүмкін. Ал, пост-кеңестік мемлекеттерде бұл жүйе тәжірбиеден өткен. Мысалы, Грузияның экс-президенті Михаэл Саакашвили Украина билігі мэр етіп тағайындағанын  білесіздер.  Қазақстан республикасы мемлекеттік қызметтер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы ұсынған бұл ұсынысты мәжіліс толық құраммен, бір ауыздан мақұлдаған. Сонда қалай? Ендігі жерде «Отан үшін», Қазақстанның болашағы үшін деген жалаңбай сылтаумен билік басына шетел азаматтарын тағайындай береміз бе?

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызметтер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:

-Біз шетел азаматтырын мемлекеттік қызметтерге және үкіметке қабылдауды ұйғардық. Алайда, нақты кімдер қабылданады, қандай талаптар қойылатынын ұлттық комиссия шешетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет құрылымына жаға модель енгізілетін болады. Ендігі жерде қандай да бір жоғары лауазымды қызметке қабылдануы үшін «үміткер» белгілі бір мерзім ішінде ең төменгі қызметтерді атқаруы тиіс болады. Мысалы, бір басқарманы басқару үшін «үміткер» 3 жыл бойы қарапайым маман болып жұмыс істеу керек. Сосын барып келесі деңгейге өтеді. Ал келесі деңгей мысалы – бөлім меңгерушісі деген сияқты.

Ал дәл осындай мансап иерархиясы «шетелдік шенеуніктерге» де міндеттеледі ме, оны Қожамжаров мырза ашып айтпады.  Әзірге белгілісі, әлемдік тәжірбиелер көрсеткендей  шетелден арнайы шақыртқан мамандар тек жоғары лауазымдарға ғана тағайындалады. Еуропалық прецедент: Дәл осындай заң жобасы былтыр Чехияда қабылданған. Ал 2015 жылдың мамыр айында Украинада Одессо облысының губернаторы болып Грузияның экс-президенті сайланған.

Түйін: Қожамжаров мырзаның бұл жолғы ұсынысанан түйгеніміз де, түйткілге түйреп өткеніміз де осы болмақ, сірә! Қазақстанда тәжірбиесі мен біліктілігі бір басына жетіп артыларлық мамандар тұрған кезде бұл неғылған «новшество»? Жақсы, демогогияға дендеп алған, гарантикалық жүйеге жатық бас шұлғығыш министрлер мен пәрменсіз парламентті, жағымпаз басшыларды тақтан тайдырудың бір жолы болса – мемлекеттен степендия тағайындап, арнайы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқытып, сол жақтың тәжірбиесін жинақтатып келген жас мамандар қайда қалады? Онсыз да қазақстандық ортада «Болашақтың болашағы жоқ па» деген күңкіл көбейіп бара жатқаны өтірік емес. Әйтпесе, олардың бойында – ұлтты сүйетін, ұлтқа қызмет ететін ұстаным жоқ болғаны ма?

Әрине мәжілістің мақұлауынан өткен заң жобасы анау-мынау емес, «шұғыл қабылдануы тиіс» ұсыныстардың қатарына қосылған екен, демек, жақын арада бұл «реалға» айналады деген сөз. Мұхиттың арғы жағынан мамандар келеді  деп үміттенудің далбаса екені түсінікті. «Ақсақал билік» пен үкімет  үшін қазіргі таңда стратегиялық жағынан ең қолайлы  шетел – Ресей Федерациясы. Демек кадр да сол жақтан келеді деген сөз. Ендеше егемен күнде ел билігін тағы да ресейлік «ватник» саясаткерлердің қолына беріп қоямыз ба?  Бұл Тәуелсіздігімізді қолдан бере салудың тағы бір кезекті "креативті" тәсілі ме, сонда? Арғы жағын өзіңіз ойлай беріңіз!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді
 

м

Связанные Статьи