Ұлттық банк KASE ережелерін бұзды

/uploads/thumbnail/20170708194407738_small.jpg

Қазақстан қор биржасының экс-президенті Азамат Жолдасбеков   өзінің Faccebookтегі парақшасында ҚР Ұлттық банкінің валюта нарығындағы белсенді қатысушыларды атап көрсетуіне байланысты өз ойын білдірді.

“ Кешегі валюта нарығындағы қатысушылар туралы ақпаратты ашық түрде жария етудің мәнін түсіне алмадым. Біріншіден ,  қос тараптың биржа келісімі – коммерциялық құпия болып саналады. Ол құпияны жайып салу- KASE ережелері мен заңды бұзу болып есептеледі. Екіншіден, валютаны сатып алу  -  нарықтағы қатысушының жеке  (коммерциялық) жұмысы.Қандай курспен сатып аламын десе де, өзі біледі.Сонда оның кінәсі неде?  Егер сатылым туралы  кеңейтілген  ақпарат таратылатын болса, онда орталық банктың  шетел валютасы мен  қаржы құралдарына қатысты мәліметі үлкен маңызға ие ”, -деп жазды Азамат Жолдасбеков.

Кеше Ұлттық банк  KASE бойынша валюта саудасымен айналысатын банктерді халыққа мәлімдеген еді. Халық банкі  мен  QAZAQ BANKI және Алтын банк алғашқы көшті бастап тұрған болатын.

Дегенмен, Ұлттық банктың бұл әрекетіне Халық банк қарсылық нышандарын танытып үлгерді.  Бұл туралы «Қамшы» порталы жаңалықтар айдарында жазды. Халық банкы жолданған ақпараттың сауатты әрі нақты болуын  Ұлттық банктан талап етті. Қазір доллар бағамы біршама (1 доллар -270, 11 теңге тұрады) төмендеді. Алайда, экономикалық үрдіске биліктің тегеурін көрсетуін әркім сан-саққа жүгіртіп талқылап жатыр. Қалай болғанда да, теңгенің аз уақытқа болса да бір бағамға тұрақтауы үшін біз тағы да қаражат сарп еттік. Валютаның  абыройын ішкі нарықта реттей алмағандықтан, қаражат жұмсап сақтап қолуға тырыстық. Барлығын ақша шешеді. Тіпті ақшаның ақша болып абырой табуына да ақша керек.

Айнұр Төлеу

Связанные Статьи