Еліміздің солтүстік өңірлерінде жауған жауынның арты қарға ұласады. Бұл туралы «Қамшы» порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша демалыс күндері ел аумағында жаңбыр жауып , екпінді жел соғып, тұман түседі. Ал, келесі аптаның алғашқы күні (дүйсенбі) Солтүстік облыстарда түнде жауған жаңбыр қарға ұласады.