Назарбаев пен Исекешев Отанымызда тігілген киімдерді киеді

/uploads/thumbnail/20170708194414714_small.jpg

Кеше Атырауда өткен жиында елбасы «Қазақстанда жасалған» деген маркаға назар аудару керектігін ескетті. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан  облыстарының әкімдеріне жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кеңес берді. Президент қазақстандық киімдердің шетелдікінен еш кем түспейтінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, отандық киімді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев киіп жүретінін өзгелерге үлгі етіп көрстті. Шынында да біздің сайдың тасындай етіп сайлап қойған қалаулыларымыз бен министрліктегілердің баралығы елімізде тігілген киім киетін болса, қазақстандық бренд жасап шығуға болады. Кәсіптің ең негізгі қозғаушы күші-жарнама. Өз сөзінде Назарбаев: «қазақсандық өнімдерің жарнамашысымын»,-деп айтып өтті.  Енді осы тұста, Назарбаев Отанымызда тігілген киімді ғана киеді екен деп барлығы қазақстандық өнімді қолдауға кірісіп кете ме? Әлбетте жоқ. Себебі біздің халықты  толықтай киіммен қамтамасыз ете алатын ұлттық бренд әлі қалыптаспаған. Тек, ішінара ұлттық брендке берілген адамдар өздері іздеп тауып жүрген имиджі қалыптаспаған кәсіпорындар ғана бар. Оның үсіне ұлттық өнім дегенде біз ең негізгі мәселені ажыратып алуға тиіспіз. Мата Турциядан шығып, киім осы жерде тігілсе, ол қазақстандық па, әледе түріктердің өнімі бола ма? Әрине Қазақстандікі болады. Себебі, ол өзге елде жай ғана мата болған, ал біздің елде дизайны қалыптасқан кәп-кәдімгі киімге айналды. Бірақ біз оны тұтынушыға ұсынғанда киімнің тігілген отанын емес, матасының шыққан жерін атағанды құп көреміз. Себебі тұтыну психологиясы солай қалыптасқан. Турция десе алуға болады. Қазақстан десе, кеудемізге күмән мен сенімсіздік орнайды. Алайда, киім өндіретін кәсіпорын елбасы мысалға келтіргендей, Президентке киім тіккенін жарнама ретінде пайдаланса, жағдай өзгеруі бек мүмкін. Анығында қазақстандық өнімді тұтынуға ел тұрғындарының ешқайсысы қарсы емес. «Қазақстанда жасалған» деген киімді мақтанышпен киіп жүргіміз келеді. Біздің де Президентіміз секілді мақтанып отырғымыз –ақ келеді. Бірақ қайдан, қалай алуға болатынын біз білмейміз. Жеңіл өнеркәсіп иелеріне қолдау қажет. Әсіресе, ұлттық өнімімізді жарнамалауға билік тұрғысынан мүдде қажет. Алдымен матаны сырттан тасып, одан соң өзімізде өндіруге әрекет жасау ләзім. Киім өнеркәсібін дамыту үшін матаны былай ысырғанда, жіп пен инеге дейін өзімізден шыққаны дұрыс. Жіпті бір елден, инені тағы бір шетелден, матаны мұхиттың арғы жағынан тасыған киім өнеркәсібінің не мәнісі бар?

Айнұр Төлеу

 

 

Связанные Статьи