Алматыда "үнді" штаммының таралу ықтималдығы анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
– "Үнді" штаммының қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет, – деді ол.
Күні кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордада коронавирустың үнді штаммы анықталғанын хабарлаған болатын. Министр індетке шалдыққандарда буын мен іш ауыруы, тіпті есту қабілетінің нашарлау сынды белгілер байқалғанын айтқан.
Оставить комментарий