Қазақстанда дәрі қымбаттайды. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлады КТК арнасы.
Серік Жұманғаринның сөзінше, енді мемлекет кейбір дәрілердің бағасын белгілеуге араласпайды. Себебі қолданыстағы ережелер бизнесті дамытуға кедергі келтіруде. Сондықтан дәрілік препараттардың қымбаттауы мүмкін. Қазақстанда мемлекет белгілейтін дәрілік заттардың тізімі қысқарды. Бұл дәріханалардың арасында бәсекелестік қалыптастырып, сала кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында жасалған шара.
– Нарық қатаң реттелген. Патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасу болғанда мемлеккеттік бағалық реттеуге жататын дәрі-дәрмекті қысқарту қарастырылып жатыр. Қазір трастқа қатысты реттеу шеңберінде тек 2020 түрлі аспектілермен 109 тергеу аяқталды.
Енді 3700-ден астам препараттың бағасын дәріханалардың өзі белгілейді. Жыл басында кәсіпкерлер палатасы елдегі дәріхана бизнесіне қолдау сұраған. Мемлекеттің баға белгілеуінің кесірінен көптеген кәсіпкер шығынға батты. Тіпті кейбір препараттарды сатудың тиімділігі болмай, оны дәріханалардан табу мүмкін емес болды, – деді Серік Жұманғарин.
Оставить комментарий