Қазақстанның 5 өңірі коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

/image/2021/06/29/crop-56_27_1777x2370_12345keychprsop.jpg

Қазақстанның бес өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

 эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Оставить комментарий

Связанные Статьи