Павлодар облысында жол апатынан 4 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
Қайғылы оқиға Ақсу ауылдық округы Береке ауылында болған. Атамекен көшесіндегі үйге қарама-қарсы жолда ВАЗ 2106 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойына жүгіріп шыққан 4 жасар қызды қағып кеткен. Салдарынан қыз алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазір аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оставить комментарий