Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу ережелерін түсіндірді

/image/2021/06/29/crop-44_14_417x556_bc8eb949-6045-47f4-88a3-ba29ac53ece0.webp

Биыл магистратураға құжат қабылдау электрондық форматта өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты.

– Бұл мәселені бірнеше рет талқыладық. Жоғары оқу орындары мәселені біледі деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, биыл докторантураға қабылдауды электрондық форматқа көшіріп жатырмыз. Магистратура бойынша өткен жылы пилоттық форматта бірінші рет электрондық түрде өткізген едік. Биыл магистратураға қабылдау электрондық форматта жалғасатын болады. 

Бұл – бастысы, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған. Сондықтан жергілікті бақылау департаменттері осы жұмысты қамтамасыз етсін. Әрине, емтихандар облыс орталықтарында орналасқан тестілеу пунктерінде ғана өтуі керек. Осы пунктерде ғана тестілеуді ұйымдастыратын боламыз, – деді білім министрі.

18 маусымнан бастап магистуратура және докторантураға құжаттар Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи