"ИРИНА КАЙРАТОВНА" Назарбаевқа "сыйлық" әзірлеп жатыр ма? Топ жаңа клип тизерін таныстырды

/image/2021/06/30/crop-40_9_697x1239_maxresdefault.jpg

"ИРИНА КАЙРАТОВНА" музыкалық тобы instagram парақшасында жаңа музыкалық видео тизерін жариялады. Желідегі жазбада бейнебаян елорда күні мен Қазақстан тұңғыш президентінің туған күні – 6 шілдеде шығатыны хабарланған.

Видеода костюм-шалбар киген ер адамдар мен жартылай жалаңаш биліп жүрген қыздардың алдында креслода мойнына алтын алқа тағынған халаттағы ер адамның риза болып отырғаны бейнеленген.

Желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі "топ кезекті бомба дайындап қойғанын" жазса, кейбірі "кезекті рет жоғарыдағыларды (шенеуніктер - ред) келемеждейтін видео шығар" деп топшылайды. Ал кей қолданушылар видеоны "Назарбаевтың туған күніне жасалған сыйлық" деп жазған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от «ИРИНА КАЙРАТОВНА» (@irinakairatovna)

"ИРИНА КАЙРАТОВНА" қазақша, орысша араластырып ән жазатын, youtube желісіне арналған сатиралық жобалар жасайтын шығармашылық топ. Олар әндері мен жобаларында елдегі жемқорлық, көзбояушылық, отбасылық зорлық-зомбылық сияқты саяси, әлеуметтік тақырыптарды, қоғамда қызу талқыланатын мәселелерді қозғайды. Топ режиссері – Қуаныш Бейсекеев. Видеолардағы ашық та астарлы көріністерді негізінен Қуаныш Бейсекеев ойлап табады.

2020 жылдың соңында шыққан "5000" деп аталатын клип қоғамда қызу талқыланып, жылы қабылданды. Музыкалық видеода 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия, жаугершілік соғыстарда қазақ халқының қырылғаны, саяси өлімдер, елордадағы LRT құрылысы, былтыр шілдеде эпидемиологиялық ахуал асқынып, адамдар коронавирустан көптеп қайтыс болып жатқанда астана күнінде қала әкімшілігінің салют ұйымдастырғаны секілді оқиғалардың элементтері көрсетілген. Видео бүгінде 27 миллионға жуық қаралым жинаған. 437 мың қолданушы лайк, 10 мың қолданушы дизлайк басқан. 60 мыңға жуық коммент жазылған.

Бір жарым ай бұрын топтың ресейлік журналист Юрий Дудьке берген сұхбаты жарияланды. 2 сағатқа жуық уақытқа созылатын сұхбат негізінен топ шығармашылығы, олардың Қазақстан қоғамындағы жағдайларға бейнебаяндары арқылы көзқарас білдіруі, қазақ халқының менталитеті туралы өрбиді.

Сұхбаттың 33 минутында топ режиссері Қазақстандағы жемқорлық, бюджет қаражатын жымқыру деректері туралы айтады.

– Қазақстанда өте жиі жымқырады. Бұл елдегі басты мәселелердің бірі. Ұрлайтын адамда "ұрлау - жаман әрекет" деген моральдық принцип болмайды. Ондай адамдар дамымайды, олар келесі ұрпақ туралы ойламайды, елдің дамуы туралы басын қатырмайды. Мұндай адамдар ақырына дейін өзінің билігін сақтап қалуға тырысады. Өйткені олар үшін билік ақша табудың оңай жолы болып кеткен. Мұндай адамда билікте отырғанда, маңына нағыз көшбасшыларды, емес, өзіне адал адамдарды жинайды. Айталық, әкім мықты саясаттанушы, топ-менеджер болғаны үшін емес, билікке адал болғаны үшін ғана орынтағында отыр. Бұл олар үшін өте маңызды. Биліктегі тізбек осындайлардан құралған. Ал мұндай үкіметте даму болмайды, – дейді Қуаныш Бейсекеев.

Режиссер сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатына сыни көзбен қарайтынын жасырмайды.

Связанные теги :

Связанные Статьи