Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейтіледі

/image/2021/06/30/crop-87_9_706x941_070001701100.jpeg

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусин 3 шілде сағат 00:00-ден бастап карантиндік жаңа шектеу шаралары енетінін ескертті.

Жаңа қаулыға сәйкес:

  • отбасылық, естелік және көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • ойын-сауық орындарына, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып 3 адамнан артық жиналмауы тиіс;
  • жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан артық жиналмауы керек;
  • көрме, марафондарды өткізуге тыйым салынады;
  • кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтайды;
  • облысаралық, қалааралық автобустар қозғалысы тоқтатылады;
  • бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг, мәдениет объектілері, кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония жұмысы тоқтайды.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Связанные Статьи