Қазақстанда тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті, олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл туралы әділет министрлігі мәлімдеді.
"Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін КВИ-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар және бұл "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген конституциялық нормаға сәйкес келеді (Конституцияның 31-бабы). Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана құқықтар мен бостандықтар шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)" делінген хабарламада.
Оставить комментарий