Алматы тауында жоғалып кеткен қыз ауыр халде табылды

/image/2021/07/08/crop-116_10_436x581_7.jpeg

Алматы тауларында жоғалып кеткен бойжеткен табылды, қазір оның жағдайы ауыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент мәліметінше, жоғалған қыз 8 шілде күні сағат 10.56-да табылған. 

"8 шілдеде сағат 10:56-да қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағына, жоғалып кеткен Әлия Камиева табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланды, зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Департамент "Қазавиа құтқару" тікұшағын ұйымдастырды" делінген хабарламада.

Әлия Камиева 5 шілде күні таңертең Үлкен алматы көліне серуендеп шығып, жоғалып кеткен. Оның өзімен телефоны болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, екі кинолог, "109" құтқару қызметі және 75 ерікті жұмылдырылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи