Якутияның Ғылым Академиясы Жер бетінде 100 мыңнан астам жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың арғы тегінің қаңқалары табылғаны туралы хабарлады. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Якутск қаласынан 30 шақырым жерде анықталған қалдықтар Ресей аумағында бұрын-соңды табылған көне жануарлар түрінің ең толық қаңқасы болды.
РИА Новости-дің нақтылауынша, мәселе Трогонтерий пілінің сүйектері туралы болып отыр. Осындай жануарлар ғаламшарда орта плейстоцен кезеңінде тіршілік еткен. Сүйектерді жергілікті тұрғындар тапты.
«Қазірдің өзінде-ақ оның жасы шамамен 45-тегі, онша ірі емес аталық болғанын айтуға болады. Қаңқаның биіктігі - үш метрден сәл асады. Оның азу тістері өте үлкен, диаметрі шамамен 18 см. Азуының әрқайсысының салмағы 75 келіден», - деп жазады Саха Республикасы Ғылым Академиясына сілтеме жасаған агенттік.