"Бұл – үлкен қауіп-қатер". Тоқаев мәлімдеме жасады

/image/2021/07/10/crop-189_5_709x945_2020051715493476059_2020051709071827609_akorda4-1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отырғанын айтты.

– Басым міндеттер тізімінде инфляция мәселесі тұруға тиіс. Соның ішінде азық-түлік инфляциясы да бар. Қазақстандағы инфляцияның өскенін бәріміз білеміз. Бірақ ондай жағдай көрші елдерде ғана емес, әлемдік экономикада байқалып отыр. Дегенмен Қазақстандағы инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отыр. Бұл – үлкен қауіп-қатер, – деді президент.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи