Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның өсуі елдің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отырғанын айтты.
– Басым бағыттар тізімінде инфляция мәселесі тұруға тиіс. Соның ішінде азық-түлік инфляциясы да бар. Қазақстандағы инфляцияның өскенін бәріміз білеміз. Бірақ ондай жағдай көрші елдерде ғана емес, әлемдік экономикада байқалып отыр. Дегенмен Қазақстандағы инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отыр. Бұл – үлкен қауіп-қатер, – деді президент.
Тоқаев ұлттық банк ұлттық қордың жағдайын үнемі бақылауда ұстауы керектігін атап өтті.
– Біз пандемия кезінде ұлттық қордың қаржысын пайдаландық. Бюджет ұстап отырдық. Бірақ стратегиялық жоспардың басты мақсаты – ұлттық қордың резервін арттыру. Энергия ресурстарының бағасы да өсіп келеді, –деді президент.
Оставить комментарий