Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отырғанын айтты.
– Басым міндеттер тізімінде инфляция мәселесі тұруға тиіс. Соның ішінде азық-түлік инфляциясы да бар. Қазақстандағы инфляцияның өскенін бәріміз білеміз. Бірақ ондай жағдай көрші елдерде ғана емес, әлемдік экономикада байқалып отыр. Дегенмен Қазақстандағы инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отыр. Бұл – үлкен қауіп-қатер, – деді президент.
Оставить комментарий