Қытайдың Үрімжі қаласында ескі бас сүйектер көрмесінен кейін қытайлық сарапшылар арасында қызу пікір-талас туындаған. Көрмеге қойылған 68 бас сүйек экспозициясының барлығының маңдай тұсындағы тесікше - «үшінші көз» деп аталғанымен, археологтардың пікірі екіге жарылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Vesti.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Барлық бас сүйектер 1986-1989 жылдары Шыңжаң қаласындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Шамамен бұл сүйектердің жасы 2200-2800 жылды құрайды.
Ал қытайлық ғалымдар криминалисттердің көмегіне жүгінуді жөн көрген. Арнайы мамандар зерттеу нысаны ретінде ұсынылған бас сүйектердегі белгісіз тесіктің қайдан пайда болғандығын анықтауда.
Ал әзірге археологтардың бір бөлігі бұл жарықшақтар жаугершілік замандағы әскерлердің шайқаста алған жарақаты болуы мүмкін деп таныған. Ал тағы бір топ ғалымдар бұл хирургиялық әрекеттердің нәтижесі деп есептейді.
«Ғалымдар ежелгі тибет монахтары адамның үшінші көзін шығару үшін тірідей бас сүйекті ойып алатын болған», - дейді.