Қазақстанның 12 өңірі коронавирустың “қызыл” аймағында тұр

/image/2021/07/14/crop-65_13_629x838_6cd9b06c-7fc1-45a0-b794-ede103154e18.webp

Қазақстанның он екі өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 4375 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. 167 адам пневмония жұқтырған.

12 шілдедегі мәлімет бойынша коронавирустан 56 адам, пневмониядан үш науқас көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар саны 466 792-ге жетті. Оның ішінде 4769 адам қайтыс болған. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 58 086. Оның 3504-і көз жұмған.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (1128), Алматы (640), Шымкент (342) қалаларында, Қарағанды (589), Атырау (320), Батыс Қазақстан облыстарында (187) өршіп тұр.

14 шілдедегі мәлімет бойынша, 45 282 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 880 адамның жағдайы ауыр, 198 пациенттің жағдайы өте ауыр, 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

14 шілдедегі мәлімет бойынша елде 4 601 830 адам вакцинаның I компонентін салдырған, II компонент 2 541 853 адамға егілген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи