Aлматыдан оңтүстік-батысқа қарай 348 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасайды.
Жердің дүмпуі туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы анықтаған.
Қуаттылығы 5,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі 20 қыркүйек 22:09-да болған. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 20 километр тереңдігінде тіркелген.
Ал жер сілкінісі дүмпуінің Тараз облысы маңында 2 балл көлемінде сезілген.