Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам қайтыс болды

/image/2021/07/19/crop-53_14_507x676_cfd763ee-ab4d-41c3-9c10-d3bfa44cfca7.jpeg

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі жүргізуші көз жұмды.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:00-де болған. Кеңқияқ-Сарыкөл тасжолында ВАЗ-2115 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері оқиға орнында қайтыс болды. ВАЗ-2115 автокөлігінің 83 жастағы жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 356-баптың 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи