Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланатынын айтты

/image/2021/07/19/crop-219_8_579x772_131339127100.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасаған тұлғаларға қатаң жаза қолданылатынын мәлімдеді.

– Иммунитет қалыптастыру үдерісін тежеп отырған тағы бір өзекті мәселе – вакцинацияның жалған паспорттары. Мұндай теріс құбылыстардың алдын алып, олардың таралуына жол бермеу маңызды. 16 шілдедегі мәлімет бойынша 65 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, жұмыс басталды. Енді оны белсенді жалғастыру керек. Бұл өте ауыр қылмыс. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекет. Вакцинация паспортының қолдан жасалуына жол берген тұлғаларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырамын, – деді Тоқаев.

Бүгін Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи