Құрбандыққа шалатын қойдың бағасы 30 мың теңгеден аспауы тиіс

/uploads/thumbnail/20170708194503549_small.jpg

Ұлық мереке -Құрбан айтқа бірер күн қалды. Осыған орай бас мүфти әлеуметтік желі пайдаланатын мұсылмандарға сойылған малдың қасында тұрып селфи жасамауын өтінді. Бұл туралы «Қамшы» порталы  КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Естеріңізде болса, былтырғы Құрбан айт меркесінде сойылған малдың жанында суретке түскен жұлдыздарды әлеуметтік желі пайдаланушылары қатты сынаған болатын. Діни басқарма осы сынды ескере отырып, биыл ертерек ескерту жасап жатса керек.

“ Мұсылманның істеп жатқан игі амалы мақтан үшін болмауы керек. Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені -мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де, оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек”, – дейді  бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы.

Мұсылмандар қаперіне:

Биыл айт намазы Алматы жұрты үшін таңғы 7:30 оқылады. Астаналықтар намазды 7:45-те бастайды. Қазірдің өзінде  құрбандық шалу үшін бұл екі шаһарда  мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Тіпті қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндіріліп жатыр екен.

Мүфтиат мал бағасын да кәсіпкерлермен келісіп қойыпты. Яғни, Құрбан айтта сатылатын қойдың бағасы 30 мыңнан аспауы тиіс.

Құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс.

Айнұр Төлеу

 «Қамшы» сілтейді

Связанные Статьи