Алматыда өткен айтыста керекулік ақын тұлпар мінді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708194520081_small.jpg

«Қазақ хандығының  550 жылдығына» арналып Алматы қаласында өткен «Азаттықтың алтын бесігі» атты Республикалық ақындар айтысы аяқталды. Аталмыш додада Бас жүлдені керекулік Аспанбек Шұғатаев жеңіп алып, темір тұлпарды тізгіндеді. І- орын Еркебұлан Қайназарға, ал, ІІ-орын  Мейірбек Сұлтанханға бұйырды. Ал,  ІІІ-орынды  Айбек Қалиев пен Мақсат Аханов және Жансая Мусина еншіледі. Айтыста бас жүлдені Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады. Өз сөзінде шаһар басшысы қазақтың айтыс өнеріне деген көзқарасы  мен ілтипатын білдірді.

Ерлан Төлеубай

Связанные Статьи