"+43°С". Қазгидромет алдағы ауа-райы болжамын жариялады

/image/2021/08/02/crop-63_4_636x847_1967-bursa-da-fiskiyeli-serinlik-5d1dadaa63ff6.jpg

Қазгидромет 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Елдің батыс және оңтүстік өңірлеріне Иран аудандарынан ыстық әрі құрғақ ауа массасы ығысады. Соның әсерінен ол жақта аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы 35-40°С, кей жерлерде 43°С дейін көтеріледі.

Атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, ауа температурасы аздап төмендейді. Солтүстікте, орталықта және шығыста күндіз 23-33 градусқа дейін төмендейді" делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи