Коронавирус. Тағы 112 адам қайтыс болды, 16 өңір "қызыл" аймақта

/image/2021/08/09/crop-110_13_631x841_6e5d785f-2bb3-4ed8-81a5-3e75502a3a70.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 8 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7671 адамнан коронавирус, 76 адамнан пневмония анықталған. 7 тамызда 112 адам коронавирустан, 28 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  641 885-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 63 442. 

9 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1981 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы тұр.

9 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 750 698 адам, 2-компонентін 4 382 869 адам салдырған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи