Қазақ телевизиясының қара нары, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қалыбек Атжан 67 жасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.
Қалыбек Атажан Қазақ Мемлекеттік университетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын "Лениншіл жас" (1978-1980) газетінде тілшіліктен бастаған.
Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1980-1984), Қазақ радиосы және "Хабар" агенттігінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі (1984-2002) қызметін атқарған.
"Қазақстан" РТРК АҚ "Қазақстан-Шымкент" филиалының директоры (2002-2008), 2008 жылы "Қазақстан" РТРК АҚ "Қазақстан-Тараз" филиалының директоры қызметінде болған.
"КСРО телевидение және радио ісінің үздігі", Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, ҚР-ның мәдениет қайраткері, КР ТРК АҚ-ның "Алтын жаршы" белгісінің иегері.
Оставить комментарий