Түркияда қатты су тасқыны болды

/image/2021/08/12/crop-245_61_614x819_snimok-ekrana-47.png
Түркияның солтүстік жағалауында қатты жауын-шашынның салдарынан су тасқыны болған. Нәтижесінде көпір қирап, 12 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлады Reuters сайты. 
 
Сайттың мәліметінше, Солтүстік Бартин провинциясында бір адам инфаркттан қайтыс болған. Салдарынан 12 ауылда электр қуаты үзіліп, он үш адам жарақат алған.  Төтенше жағдайлар қызметкерлері тасқын кезінде жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары басталғанын хабарлады. 
 
Ал Синоп провинциясында Бартиннен шығысқа қарай 150 миль (240 км) жерде су тасқыны салдарынан үй құлап, көліктер суда қалып кеткен. 
 
Сақтық шарасы ретінде аудандағы тұрғындар, ауруханаларға эвакуацияланды.
 
 
Еске сала кетейік, шілде айының соңында Түркияның курортық аймағы Анталияның Манавгат ауданында орман өрті болған. Салдарынан 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алып, елдің оңтүстігіндегі алты ауданның тұрғындары түгел эвакуацияланған
 
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, өрттің өршуіне аптап ыстық пен ұйытқыған жел себеп болған.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи