Алматыда оқушылардың қандай форматта оқитыны белгілі болды

/image/2021/08/12/crop-0_15_779x1039_7be8c58c-e6aa-45c8-8a33-81f3b7bf4fd4.jpeg

Алматы мектептері дәстүрлі форматта оқуға дайын. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифингте мәлімдеді. 

– Алматыдағы барлық мектеп қызметкерлері 100 пайыз вакцина алды. Білім беру ұйымдары "Ashyq" жобасына қосылды. Коронавирус инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында қаланың білім беру ұйымдары, санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-ден 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуға дайын, – деді Ләззат Жылқыбаева. 

Білім басқармасының басшысы балалар немесе байланыста болған ата-аналардың балалары коронавирус инфекциясымен ауырған жағдайда қашықтан білім алады.

Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін мектепке жеке кіру есіктері қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ ғимарат ішінде балалар фойе мен дәліздерде белгілері көрсетілген блоктар бойынша жүретін болады. 

 

 



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи