Школьник: Қазақстанда жанармай бағасы ЕАЭО елдерімен салыстырғанда айтырлықтай арзан

/uploads/thumbnail/20170708194556478_small.jpg

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстан мен ЕАЭО елдеріндегі жанармай бағасын салыстыра отырып, елімізде жанармай отынының 1 литрдегі бағасы көрші мемлекеттерге қарағандай айтарлықтай арзан екенін атап өткен. Бұл туралы «Қамшы» порталы Total.kz-ке сілтеме жасай отырып хаарлайды.

«Ресейдегі жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 143 теңгені құрайды. Ал бізде аталмыш маркадағы бензиннің орташа бағасы 125 теңге. Бұл арзан емес пе? Әйтпесе, біз  сол бензинді Ресейден көтерме бағада импорттаймыз. Оның үстіне Ресейде  артық салық жоқ. Тек өзіміздің елге кіргеннен кейңін ғана акциздеу үшін салық саламыз. Бұл әзірге тиімді емес пе?!»,-дейді министрі Школьник мырза.

Сондай-ақ, энергетика министрі Школьник мырза Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармай отынының қоры жеткілікті екенін атап өткен. «Қазір қор жеткілікті. Бірақ, ары қарай қалай болмақ?»,-деген министр мырза өткен жылғылармен салыстыра келе доллардың теңгеге шаққандағы бағамына алаңдаушылық білдірген.

Мысалы, өткен жылы АИ-92 маркасы 128 теңгені құрағанда курс – 150 теңге еді. Ал бензин доллармен есептегенде 80 цент тұрды. Қазір баға 125 теңге литріне, ал доллар 270. Демек бензин бағасы 40 центке құлдырады. Яғни, бензиннің доллардағы үлесі азайған. Бірақ, біз есепті теңгемен айырамыз ғой. Демек, теңге мен рубльдің долларға шаққандағы бағамы қандай болмақ, соған тікелей байланысты деген сөз. Сонымен қатар, министр мырза бензиннің тағдыры қандай болмақ деген журналистердің сұрағына «маған ең болмағанда теңгенің бағамына қатысты бір болжам айтып беріңіздерші, мен сіздерге бензиннің не болатынын айтамын», -деп жауап қайырған.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

 

Связанные Статьи