26-29 қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев төраға Пан Ги Мунның шақыруымен БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорк қаласында өтетін мерейтойлық 70-ші сессиясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына сапар шегеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елбасы Бас ассамблеяның Жалпы дебаттары кезінде баяндама жасайды, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын қарастыру Саммитіне, сондай-ақ, зорлықшыл экстремизммен күресу бойынша Саммитіне қатысады деп күтілуде.Бұл туралы today.kz сайты жазады.
Сонымен бірге, Бас ассамблея барысында бірнеше елдердің басшылары мен үкіметтерімен келіссөз жүргізу қарастырылған. JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі америкалық компания өкілдерімен кездесу жоспарланған.
«Қамшы» сілтейді