Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда бұқаралық спортты одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте спорт мектептері оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырды.
– "Nur Otan" партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есеге арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалуын ерекше бақылауға алу керек, – деді Тоғжанов.
Сондай-ақ ол спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Оставить комментарий