Anadolu ajans ақпарат агенттігі тәліптер Кабулға жақын маңдағы Газни қаласын басып алып, түрмедегі жүздеген тұтқынды бостандыққа жібергенін хабарлады.
Ауған билігінің мәлімдеуінше, тәліптер қаладағы басты мекемелер – губернатордың кеңсесі, полиция учаскесі мен түрмені өз бақылауына алып, көптеген қару жарақтар мен оқ-дәрілерді тартып алған.
Ұйым "Шібірған" түрмесіндегі барлық тұтқындар босатылғанын хабарлады. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жүздеген тұтқынның түрмеден босатылғанын көруге болады.
– "Бұл тек бастамасы ғана және сіздер басқа провинциялардың біздің қолымызға қалай өтетінін жақында көресіздер, – деді әлеуметтік желіде Талибан өкілдері.
Елдің Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыс кезінде күніне 200-ден көп содырдың көзі жойылып жатқанын айтады. Қазір соғыс қимылдары бірнеше провинцияда қатар жүріп жатыр.
Сондай-ақ "Әл-Жазира" арнасының хабарлауынша, Ауғанстан үкіметі тәліптерге зорлық-зомбылықты тоқтатып, ел басқару ісіне қатысуды ұсынған. Ауғанстанның басқа аймақтарында да қақтығыстар жалғасып, тәліптердің басқа провинцияларды жаулап алуы жылдам өрбуде.
Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерін әкете бастаған кезден ушықты. Кейбір дерек көздері бойынша тәліптер ел аумағының 65 пайызын жаулап алған.
Оставить комментарий